Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғыны жоғалған сөмкесін қайтарып берген полицейлерге алғысын білдірді

Петропавл тұрғыны ветеринарлық клиникада жоғалған сөмкесін қайтарып берген полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал дәрігеріне барған кезде ішінде әмияні бар сөмкесін жоғалтып алған қала тұрғыны Петропавл қ. Полиция басқармасы Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. Мысығының денсаулығына алаңдаған әйел сөмкесін дәрігер кабинетінің алдында ұмытып кеткен, тек кабинеттен шыққаннан кейін сөмкесінің жоғалғанын анықтаған. Ол бірден полицияға жүгінген. Бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері Ерлан Жантасов және Жаслан Мұратов шақырту бойынша жұмыс жүргізді. Қабылдау бөлмесі бейне камералармен жабдықталған екен. Затты алған адам анықталып, келесі күні тергеуші Жанат Мұстафинаның кабинетінде кінәсін мойындап, ісіне өкініп отырған Петропавл қ. егде жастағы тұрғыны отырды. Сөмке иесі заттардың жоғалмағанына көз жеткізіп, әйелді кешірді және ешқандай қарсылық білдірмеді. Кейін ол облыстық полицияның “Instagam”-дағы аккауынтының “direct” бөліміне “ұрланған әмиянімді жедел іздестіріп, қысқа мерзімде қайтарып берген полиция қызметкерлеріне шексіз алғысымды білдіремін” деп жазды.

Азаматтардан келіп түсетін осындай жылы лебіздердің маңызы туралы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев:

– Қызметкерлер бар болғаны өз міндеттерін орындайды. Дей тұрғанымен, осындай жылы сөздер – тек сыпайылық таныту ғана емес, бұл құқықтық тәртіп сақшылары үшін айтарлықтай эмоционалдық қолдау болып табылады – деді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру