Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған 5 сотталған әлеуметтік жәрдемақы алды

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған бес сотталған 60 мың теңге біржолғы әлеуметтік жәрдемақы алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрмыстық қиын жағдайға тап болғаны үшін аталған жәрдемақыға сотталғандар жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы Ырғыз аудандық пробация қызметінің қолдауымен қол жеткізді.

Тұрмыстық қиындықтарға тап болған сотталған азаматтардың “өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін” жазбаша білдірген өтініштері бұған дейін аудан әкімдігінде өткен арнайы комиссия отырысында қаралған болатын. Аталған іс- шарада комиссия қорытындысымен, әлеуметтік көмекке өтініш жасаған аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған бес сотталғанның өтініштері қанағаттандырылып, әрқайсысына 60 мың теңге біржолғы ақшалай көмек көрсету туралы шешім шығарылды.

– Жалпы, пробация қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың түзелу жолына нық тұруы үшін атқарылып жатқан осындай көмек түрлері олардың қайта қылмысқа бармауына және өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінуі, қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі деп сенеміз, – дейді Ырғыз аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Есет Әбдіразақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру