Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған шымкенттік Тараз қаласынан табылды

Жоғалған шымкенттік Тараз қаласынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылы 25 сәуір күні сағат 20:00 шамасында Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Азаматша өзінің арызында туған бауырының өз автокөлігімен үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген.

Тәртіп сақшылары жоғалған азаматты тез арада табу мақсатында көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын атқарады.

Нәтижесінде жоғалған жігіт Тараз қаласынан табылып, аман-есен отбасымен қауышты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру