Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда балықшының қармағына мылтық ілікті

Петропавлда балықшының қармағына мылтық ілікті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдық балықшының қармағына ерекше олжа түскен. Маусым айының соңында 26 жастағы қала тұрғыны Борки кентінде Есіл өзенінің жағасында балық аулаған. Сөзіне қарағанда, қармағына бір ауыр нәрсе түскен. Ол мылтық болып шықты. Бұл туралы жігіт «102» нөміріне хабарлаған. Табылған мылтық сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде оның тіркелмеген 12 калибрлі қос ұңғылы «ТОЗ-34» аңшылық мылтығы екені анықталды. Зерттеу аяқталған соң, қару жоюға жіберіледі.

– Жігіттің қаруды тауып алғаны туралы бірден полицияға хабарлағаны дұрыс болды. Тіркелмеген қаруды сақтауға тыйым салынғаны туралы естеріңізге саламыз. Қаруды ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыру, тек тапсырған адамның әрекетінде басқа қылмыстың құрамы болмаған жағдайда, заңсыз сақтағаны үшін жауапкершіліктен босатады, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.

Жыл басынан СҚО-да өз еркімен тіркелмеген 9 қару тапсырылған. Полиция қызметкерлері тіркелген қаруды сақтау қағидалары бойынша, сонымен қатар, заңсыз сақталған қаруды алу жұмыстарын жүргізеді. Жұмыстың мақсаты – атыс қаруын қолданумен жасалатын қылмыстардың қаупін төмендету. Жалпы облыста қаңтар айынан бері заңсыз айналымнан 53 қару алынған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру