Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда есірткіге тәуелді әйел трамадолды заңсыз сатқан

Петропавлда есірткіге тәуелді әйел трамадолды заңсыз сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қыркүйектен бастап СҚО полицейлері “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеп жатыр. Іс-шара шеңберінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдануда. Полицейлер есірткіні пайдалану және сату фактілерін анықтау үшін білім ордаларын және жастар бос уақыттарын өткізетін орындарды тексеру үстінде. Медициналық мекемелерде, дәріханаларда және кәсіпорындарда тәртіп сақшылары есірткіні, психотроптық заттарды және прекурсорларды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану және жою ережелерінің сақталуын тексеруде. Фармацевтикалық бақылау басқармасының қызметкерлерімен бірлесе құрамында кодеин бар дәрілік препараттарды рецептсіз сату фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күні Петропавлда таратылуы шектелген трамадол дәрілік препаратын заңсыз сату фактісі анықталды. Аталған препаратты бұрын істі болған есірткіге тәуелді 34 жастағы әйел сатып келген.

– Тұрғылықты жерінен трамадолдың 160 таблеткасы мен 57 капсуласы алынды. Аталған дәріні ол медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істейтін дәрігерден алғаны анықталды, ал дәрі емделушінің рецептісі бойынша алынған екен. Аталған фактілер бойынша материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 424-бабы (Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет) бойынша әкімшілік сотқа тапсырылды, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

“Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы 9 қыркүйекке дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру