Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер су тасқыны қауіпі бар аймақтарда қызмет етіп жүр

Петропавлда полиция қызметкерлері су тасқыны қауіпі бар учаскелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жеке сектордың су тасқыны қауіпі бар учаскелеріндегі үй аулаларын аралауды жалғастыруда. Заречный, Кожевенный кенттері, Есіл өзенінің жанындағы саяжай массивтері – өткен жексенбіде бұл орындарды қалалық ведомствоның 25 полицейі аралап, айналып өтті.

Күннің екінші жартысында учаскелік полиция инспекторларынан үш саяжай қоғамына кіре берісте бекеттер қойылды. Қажетті ұйымдастырушылық және профилактикалық жұмыстарды полицейлер жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және ТЖ қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста жүргізеді.

Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ахмағамбетовтың айтуынша, полиция қызметкерлері эвакуациялау алгоритмі туралы хабарламаларды таратады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру