Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда үздік учаскелік полиция инспекторы анықталды

Петропавлда үздік учаскелік полиция инспекторы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығында 13 учаскелік полиция пунктінің 88 учаскелік инспекторлары қоғамдық тәртіпті сақтайды. Олардың қызметін “мың бір міндеттің жұмысы” деп жиі атайды: бекітілген аумақтың учаскелік инспекторлары барлығына жауап береді деуге болады. Кәсіби шеберліктерін және қызметте тиімділікті арттыру мақсатында қалалық Полиция басқармасында жыл сайынғы “Үздік учаскелік полиция инспекторы” конкурсы өтті.

Атыс, дене шынықтыру және теориялық даярлық 12 аса білімді және кәсіби учаскелік инспекторлар бір күннің ішінде байқаудың осы кезеңдерінен өтті. Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының тәжірибелі нұсқаушыларының басшылығымен офицерлер тирде тапаншадан орнында тұрып қозғалмайтын нысанаға оқ атты. Барлығы сегіз патрон, төртеуі байқап атып көруге және төртеуі сынақтық атуға берілді, мұның бәрін 12 секунд ішінде орындау қажет, бұл атыс шарты болатын-ды. Барлық учаскелік инспекторлар жаттығу жасауда жақсы нәтиже көрсетті. Екінші кезең: – дене шынықтыру даярлығы. Турниикке тартылу, 100 және 1000 метрге жүгіру, полицейлерге өздерінің шыдамдылығы мен күшін көрсету мүмкіндігі берілді.

Километрге жүгіруде Шыңғысхан Бекенов үздік нәтиже көрсетті, турникке тартылуда Дәурен Жұмағали озық шықты.

Қорытынды кезең заңнаманы білуден тестілеуден өту болды. Еліміздің Конституциясы, Заңдар, Әдеп кодексі – әр блок бойынша 10 сұраққа жауап беру.

Емтихан аяқталып, әңгімелесуден өткеннен кейін конкурстың жалпы қорытындысы шығарылды.Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, ел Президентінің Жолдауын іске асыру аясында жергілікті полиция қызметін кезең-кезеңімен реформалау және жұмыстың сервистік моделіне көшу жүргізілуде. Бұл жұмыста учаскелік полиция инспекторларына ерекше көңіл бөлінуде. Бұдан бөлек, Ішкі істер министрі 2021 жылды “Құқық бұзушылық профилактикасы және “халыққа жақын полиция” қағидатын қамтамасыз ету жылы” деп жариялады. Учаскелік полиция инспекторларын сапалы дайындауға көп көңіл бөлінеді және конкурс полицейлердің жетілуіне және өзін-өзі дамытуға жақсы стимул болды.

Конкурс қорытындысы бойынша учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Шыңғысхан Бекенов үшінші орынды иеленді. Екінші орынға полиция аға лейтенанты Медет Темірбеков табан тіреді. №2 учаскелік полиция пунктіне бекітілген аумаққа қызмет көрсететін полиция капитаны Дархан Жұмағали Петропавл қаласының үздік учаскелік инспекторы болып танылды.

Жүлдегерлер кубоктар және грамоталармен марапатталды. Конкурс жеңімпазы Дархан Жұмағали желтоқсан айының басында астанаға жол тартып, республикалық учаскелік инспекторлар байқауында петропавлдық полицияның намысын қорғайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру