Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіге 345 мың теңге айыппұл салынды

Петропавлда жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіге 345 мың теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 жастағы жылдам жүру әуесқойын Петропавл қаласы ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары сағат таңғы 06:00 шамасында байқаған. Жолдастарының ортасында Toyota автокөлігін басқара отырып, ол рұқсат етілгеннен жоғары жылдамдықпен жүріп, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Бағдар патрульдік нарядтарға берілді. Интернационал және Егемен Қазақстан көшелерінің қиылысында жүргізуші ұсталды. Ол өзін агрессивті ұстап, медициналық тексеруден өтуден бас тартты. ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігінің талаптарына сәйкес, куәландырудан бас тартқаны үшін жас жігіт 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Енді ол тек 33 жасынан бастап көлік басқара алады.

– Сонымен қатар тексеру барысында жас жігіттің ұсталғанға дейін жол қозғалысы ережесін бірнеше рет өрескел бұзғаны анықталды. Бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің бейне жүйелері Toyota автокөлігімен сағатына 140 км-ге дейін жылдамдықты 5 рет асырғанын тіркеді. Осы бұзушылықтар үшін жалпы айыппұл сомасы 345 мың теңгені құрады, – деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Айта кетерлік жайт, бүгінде облыста жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін 35 автоматты фото және бейнетіркеу жүйесі жұмыс істейді. Олардың көмегімен жыл басынан бері жолдарда 20 мыңнан астам бұзушылық тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру