Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдың сыртындағы айналма жолда көлік өртеніп кетті

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Петропавлдың сыртындағы айналма жолда көлік өртеніп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйек күні сағат 20:40-та Петропавл қаласы сыртындағы айналма жолда, Шаховское ауылына апаратын бұрылыстың маңында Петропавл қаласының 2000 жылы туған тұрғыны басқарған “Honda Accord” автомашинасы және 1960 жылы туған Толмачевка ауылының тұрғыны басқарған “Volkswagen Jetta” автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан электр жабдығының қысқа тұйықталуынан “Volkswagen Jetta” қатты өртенді. Көлік толығымен жанып кетті.

Апат болған жерге екі жедел жәрдем шақырылды. Көліктердегі 1960 және 1998 жылдары туған екі жолаушыға қалалық ауруханаларда медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Медициналық куәландыру туралы алынған қорытындыға сәйкес, екі жүргізуші де жол-көлік оқиғасы кезінде сау болған.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша анықтаушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жинақтап, процессуалдық шешім шығару үшін Петропавл қаласы ПБ әкімшілік полиция бөліміне жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру