Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО аудандарында пәтер ұрлығының екі фактісі тіркелді

Жыл басынан СҚО-да 456 пәтер ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі жағдайда да ұрлық жасады деген күдікпен жәбірленушілердің көршілері ұсталды. 

Айыртау ауданының полиция бөліміне үйінен 230 мың теңге сомасындағы қаражаттың ұрланғаны туралы арызбен Саумалкөл ауылының тұрғыны жүгінді. Полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен наркологиялық есепте тұрған аталған ауылдың бұрын сотталған 1977 жылы туған тұрғыны ұсталды. Ер адам үй иелері жұмыста болған кезде үйге терезе арқылы кіргені белгілі болды. Ұрланған қаржының бір бөлігі алынды. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша енгізілді. Күдіктінің ауданда жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы тексерілуде, қазіргі уақытта ол аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Тағы бір ұрлық Қызылжар ауданының Якорь ауылында орын алды. Әкімшілік учаскедегі түнгі рейд кезінде учаскелік полиция инспекторы тұрғылықты жері бойынша бұрын сотталған ауылдықтардың бірін тексереді. Әңгіме барысында полицей бей-берекет жатқан түрлі азық-түлікті байқайды. Мән-жайды анықтау кезінде учаскелік инспектор келмей тұрып, шамамен бір сағат бұрын қаскөйлер түнде үйлерінде жоқ болған бір көшеде тұратын көршілерінің үйлерінен азық-түлікті олжалап алып шыққаны анықталды. 40 жастағы ер адам есік құлпын бұзып, өзінің танысы – бұрын сотталған ауыл тұрғынымен үйден азық-түлікті бірнеше рет тасып шығарған. Бір қап қант, компот банкалары, ет, өсімдік майы, спирттік ішімдіктер, парфюмерия – қолды болған заттар алынды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ұрлық жасауда екі күдікті де келу туралы міндеттемемен жіберілді.

– Сигнализация, мықты құлыптар, сондай-ақ көршілермен жақсы қарым-қатынас – пәтер ұрлығымен айналысатын ұрылардың әрекетіне тосқауыл қояды, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров. – Үйден немесе пәтерден ұзақ уақытқа кететін болсаңыз, көршілерден үйіңізге көз қырын сала жүрулерін сұраған жөн. Бұдан бөлек, терезелерді жабуды ұмытпай, есікке бірден бірнеше құлып қойған дұрыс. Егер пәтер ұрлығы орын алып жатқан жағдайда, дереу полицияға жүгіну қажет.


Жыл басынан СҚО-да 456 пәтер ұрлығы тіркелді, оның 400-ден астамы ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру