Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер 14 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері 14 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі ұрлық қылмысының құрбаны болғанын жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оның үйінің есіктерін бұзып, үстел үстінде тұрған алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі – 14 млн теңгеге жуық.

Полицейлер бұл жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, ұрыларды іздестіруге кірісті.

Қылмысты ашуға тәжірибелі полиция қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы бағытталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері арада екі аптаға жуық уақыт өткенде күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған Леңгір қаласының тұрғыны болып шықты.  

Белгілі болғандай, күдікті ұрланған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта осы жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру