Полицейлер еліміздің бірнеше өңірінде есірткі сату арнасына тосқауыл қойды
Жамбыл облысында кептірілген марихуана, ал Нұр-Сұлтанда ірі гашиш партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Шу ауданында екі жүз килограмнан астам марихуана тәркіленді. Полиция күдіктіні марихуананы əзірлеп жатқан кезінде ұстады.
Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған күдікті 218 келі марихуананы кептіріп, жөнелтуге дайындап қойыпты. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ал, елордалық полицейлер есірткі сататын ірі арнаны жапты. Есірткіні сақтау және сату үшін бірнеше рет жауапқа тартылған сатушыдан 14 килограмнан астам есірткі заты – гашиш тәркіленді.