Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер есірткінің зияны туралы түсіндіріп жатыр

Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі – полиция қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Әсіресе балаларды заңсыз есірткі саудасына тартудан қорғауға ерекше назар аударылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция есірткіні қолданудың салдарын және оларды таратуға қатысқаны үшін жауапкершілікті түсіндіре отырып, ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр.

Тек екі айдың ішінде оқу орындарында екі мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Алдын алу шараларымен оқу орындарының жатақханалары және спорт интернаттары да қамтылған.

ІІМ ата-аналарға есірткі айналымы және оның зияны туралы балаларымен ашық сөйлесуге кеңес береді. Кәмелетке толмағандарға есірткі таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын және 10 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінін ескерту қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру