Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қарағандылық тұрғыннан 89 орам синтетикалық есірткіні тәркіледі

Полицейлер қарағандылық тұрғыннан 89 орам синтетикалық есірткіні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласы аумағында облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оған жүргізілген тінту жұмыстары барысында 89 орам ұнтақ тәрізді жасыл түсті заттар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар 39 грамм синтетикалық есірткі заты екендігі белгілі болды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297 бабына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы толық анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды. Бұл қылмысы үшін оған 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру