Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл қаласы ПБ бастығы болып Ербол Тайбеков тағайындалды

Петропавл қаласы ПБ бастығы болып полиция полковнигі Ербол Тайбеков тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы полиция басқармасының жаңа бастығы тағайындалды. Лауазымды полиция полковнигі Ербол Тайбеков иеленді.

Ербол Тайбеков 51 жаста. Жамбыл облысында туған. Ішкі істер органдарында қызметін 1993 жылы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор қызметінен бастады. Ол әр түрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық қызметте, елдің әртүрлі аймақтарында жұмыс істеді.

СҚО ПД бастығы Айдын Қабдулдинов Ербол Тайбековті облыстық полиция аппаратының басшысы ретінде таныстыра отырып, ПБ жаңа бастығына облыстың ең ірі полиция бөлімшесінің жедел-қызметтік қызметін ұйымдастыруда табыс тіледі.

Бұған дейін қалалық полиция ведомствосын басқарған Жандос Мұхатов қаңтар айында Ұлытау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру