Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабақтарын өткізуде

Полицейлер қыркүйектің 1-і СҚО мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабақтарын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық патрульдік полиция қызметтің күшейтілген түріне көшірілді: 1-ші қыркүйек түрлі жастағы он мыңдай оқушы мектепке қарай бет алды. Білім күні ювеналдық және патрульдік полицейлер оларды дәстүрлі түрде қала мектептерінің маңдарында қарсы алды. Тәртіп сақшылары таң сәріден жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сондай-ақ балаларға, ата-аналар мен мұғалімдерге Жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша үлестірмелер, брошюралар және жадынамалар таратты.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысы жолдарында балалардың қатысуымен 26 жол-көлік оқиғасы орын алған, онда 2 бала қаза тауып, 27-сі жарақаттанған. Адам шығынымен болған екі ЖКО да тамыз айында, облыс аудандарында болған.

Полицейлердің алдында оқушыларды жол апаттарынан барынша сақтандыру мәселесі тұр. Оқу жылының басталуына ертеден қамданды. Ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша тамыз айының соңында “Абайлаңыз – балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасының дайындық кезеңі өткізілді. Қыркүйектің 1-нен еліміз бойынша осындай атаумен республикалық іс-шара бастау алды.

Полицейлер профилактикалық жадынамалар таратып, үнемі байланыста екендерін ескертті, өйткені ювеналдық полиция инспекторлары мессенджерлердегі мектеп чатына қосылған.

– Балалардың жол-көлік жарақаттарын ескерту ата-аналардың, полицейлер мен педагогтардың ортақ мәселесі, – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. Жолдарда түрлі көліктер көптеп жүреді, жүк көлігінен электр самокаттарына дейін. Балалардың жастайынан барлық Ережелерді қатаң сақтағаны маңызды, жолдарды тек белгіленген жерлерде, бағдаршамның рұқсат етілген түсіне өту сияқты…

“Абайлаңыз – балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы қыркүйектің 10-ына дейін жалғасады. Бұл күндері өңірдегі барлық мектептерде полицейлермен Жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтар өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру