Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жолда қалған көлік жолаушыларына көмек көрсетті

Павлодар облысы полицейлерінің атына Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан алғыс хаттар келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 шілде күні Павлодар-Семей автожолында Ақсу кентінің маңында полицейлер Уаис Ибраев пен ю Еркін Қамарден жол жиегінде тұрған автомобильді байқады. Автокөліктің сынып қалғанын түсініп, полиция қызметкерлері көмек көрсетуге тоқтады. Көлікте әйел болған, артқы орындықта қолында кішкентай баласы бар қызы болған. Олар Астанадан Семей қаласына бара жатқан, бірақ күтпеген жерден көлік сынып қалды.

Көлікті қарап шыққан тәртіп сақшылары автокөлікті сол жерде жөндеу мүмкін емес деген қорытындыға келді, өйткені қосалқы бөлшектер қажет.

“KIA picanto ” көлігін полиция қызметкерлері тіркеп сүйреуге алып, ТҚС-ға жеткізді. Содан кейін, көлікті жөндеп болғанша күтті, өйткені күн бата бастады, содан кейін оларды қонақ үйге дейін жеткізді. Полиция қызметкерлері өз телефон нөмірлерін де қалдырды, қажет болған жағдайда қоңырау шалуға болады деп, олар бөтен қалада түнеуге қалды.

Полиция қызметкерлерінің қиын жағдайда көрсеткен көмегі үшін автокөлік иесі алғыс айтты: – Жолда жалғыз қалдық, жанынан өтіп бара жатқан көліктерден көмек болған жоқ. Біраз уақыттан кейін біздің бақытымызға орай, полиция қызметкерлері келіп, олар бізді елді-мекенге жеткізіп, көлікті жөндеуге көмектесті, содан кейін қонақүйге апарады. Оларға үлкен рахмет! Бұл әлемде қайырымды жандардың бар екеніне көзім жетті. Полицейлер мейірімді, қайырымды адамдар, өз ісінің нағыз мамандары. Біздің отбасымызға көп көмек көрсетті!

Полицейлер Уаис Ибраев пен Еркін Камариден бұл олардың азаматтық және қызметтік борыштары екенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру