Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қараусыз мал – ЖКО себебі

Павлодар облысында көлік жүргізушілері автотрассада мал қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Иелері өз малына немкұрайлы қараған кезде көбіне оның арты оқыс оқиғаларға алып келіп жатады.

22 шілде күні түнгі 01.30 шамасында “Камаз” автокөлігінің жүргізушісі “Қызылорда-Павлодар” автожолымен келе жатып жылқыларды қағып кеткен. Сонымен қатар, “Hyundai Accent” маркалы автокөлігінің артынан келе жатқан жүргізушісі де осындай оқиғаға тап болды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Hyundai Accent” автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі жарақат алып Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді.
Тексеру барысында аталған жылқының иесі анықталып, ол Қоянды ауылының тұрғыны болып шықты. 10 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Айта кету керек, аталған көлік құралдарының иелері материалдық залалды өтеу үшін мал иесіне азаматтық тәртіппен сотқа беруге құқылы.
Павлодар облысының полицейлерімен автожолдарда және жазғы жайылымдарда иесіз малдарды анықтау бойынша тұрақты түрде рейдтер жүргізілуде.

Мал ұрлықты алдын алу, сондай-ақ оның қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларды алдын алу мақсатында, Павлодар облысының полицейлері автожолдарда және жазғы жайылымдарда иесіз қалған малдарды анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізеді.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен 8288 бас иесіз жайылған мал айып тұрақтарына қамалды, оның ішінде: ірі қара мал – 4066, жылқы – 1233 және ұсақ мал – 2989. Облыс аумағында барлығы 139 айыппұл тұрағы жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру