Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ЖҚЕ туралы фотосессияға қатысып, азаматтарды қауіпсіздікті сақтауға шақырды

Петропавлда полицейлер ЖҚЕ туралы фотосессияға қатысып, азаматтарды қауіпсіздікті сақтауға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған әлеуметтік фотосессияға қатысты. Патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Бахтияр Досжанов балабақшаның 5 жасар тәрбиеленушісі Ерасыл Әлкеновпен бірге қаланың қозғалысы көп көше қиылыстарына барып, жаяу жүргіншілер өткелдерімен жүріп өтті, жол бойы Петропавл билбордтарын безендіретін тақырыптық фотосуреттердің жанында да суретке түсті.

Суреттер мейірімді әрі шынайы болып шықты. Қазіргі уақытта оларды дизайнерлер арнайы бағдарламалармен әрлеуде, жақын арада қала көшелерінде пайда болады. Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақыратын қысқаша тезистер түсірілген кадрлармен бірге азаматтардың назарын барынша аударады деп жоспарлануда.

2024 жылдың 12 айында Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында балалардың қатысуымен 133 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осы апаттардың салдарынан төрт бала қаза тауып, тағы 160 бала жарақаттар алды. Жалпы, өткен жылы өңірде 551 жол апаты болды, 42 адам қаза тапты, 733 адам жарақаттанды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді және тұрақты бақылауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру