Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындар полицейлерге алғыстарын білдіріп жатыр

СҚО-да жолда көрсеткен көмектері үшін полицейлерге алғыстарын білдіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 шілде “Instagram” пабликтерінің бірінде Жезқазған-Петропавл автожолының 800 шақырымында егде жастағы жүргізушіге патрульдік полицейлер көмек көрсеткені жайында пост жарияланды. Бензонасосының істен шығуына байланысты “Jeep Land Rover” көлігі тұрып қалған.

– Көмекке келген полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіргім келеді, – дейді қолданушылардың бірі. – Біздің машинамыз сынып қалды. Полицейлер тоқтап, жөн сұрасқан соң, жақын маңдағы ауылдардың біріне сүйреп апаруды ұсынды. Зор алғыс білдіреміз!

Суретте автопатруль автомашинасының мемлекеттік нөмірі көрсетілген: 0177. Сол күні кешке полицейлер Мейрам Қазиев пен Қуандық Тоқбаев ауысымда болған. Автосервис орталықтары кешкілікте жұмыс істемейтіндіктен Петропавл қ. қайтып келе жатқан отбасын аудан орталығы Сергеевкадағы мекенжайға жеткізді. Жолаушылар сол жерде аялдады. Постың астында “Бізге де көмектесті” деген жазбалар көптеп кездеседі.

Айта кететін болсақ, сол күні Рощинск с. маңында Павлодардан облыс орталығына келе жатқан Петропавл қаласы тұрғынының “Volkswagen” көлігінен ақау шығады. Көлік иесінде өзімен бірге жөндеуге қажетті қосалқы бөлшек болған, алайда істен шыққан бөлшекті ауыстыруға шамасы келмейді. Абырой болғанда, автокөлік патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Аслан Әлжанов пен Әлібек Асқаровтың назарына ілігеді, олар көлікті жөндеуге көмектеседі.

– Ауысымға түскен кезде қызметкерлерге кез келген жағдайда жүргізушілерге көмекке келу жайында тапсырма беріледі, – дейді СҚО ПД ППБ командирінің орынбасары Уәлихан Оразалин. – Олардың әрқайсысы өздерінің жасаған игі істерін мақтаныш етпейді. Адамдардың білдірген алғысы олардың алдағы уақытта халыққа қызмет ету ісіне ерекше серпін береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру