Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлігіңізге сақ болыңыз

2020 жылдың өткен кезеңінде Павлодар облысының полициясына автокөліктерін айдап кеткені туралы 40 адам хабарлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, олардың 39-ы полиция қызметкерлері “ізін суытпай” ашты.

Мысалы: екі ер адам таксимен кезекпен жұмыс істеу үшін ВАЗ 2114 маркалы көлікті жалға алған. Кейін олардың бірі, көлік керек емес деп, автокөлікті екіншісіне бере салды. Ал өзі, қосалқы кілтті жасап, көлікті бір айдан сон ұрлап кетті. Полицейлер жедел түрде оны ұстады.
Басқа жағдайда, таңғы сағат 4-те Павлодар қаласының ТҚС-ның бірінің қызметкері жөндеуге қалдырылған “Lexus” автокөлігін ұрлады. Көлікті бейнебақылау камераларының көмегімен анықтап, полиция қызметкерлері оны иесіне қайтарды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, көптеген автокөлікті айдап әкету фактілері иелерінің өз жауапсыздығынан. Кейбірі кілттерді от алдыру құлыптарында ұмытып кетеді, басқалары терезелер мен есіктерді ашық қалдырып кетеді, осылайша әлеуеттік қылмыскерді көлікті айдап әкетуге итермелейді.

Полиция қызметкерлері автокөлік құралына айдап әкетуге қарсы сигнализацияны орнатуға, автомобиль салондарында бағалы заттарды, машинаны күзетілмейтін тұрақта қалдырмайға кеңес береді. Осы қарапайым ережелерді ұстану, қылмыскерге өзінің қасақана ниетін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру