Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлерге Е-gov электрондық үкімет порталынан құжат алу жолы түсіндірілді

Қазіргі уақытта ЖСН арқылы ғана айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын жүйе енгізілген болатын.  Автокөлікті рәсімдеп, нөмір беру, есептен шығару, анықтама алу үшін ХҚКО жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге немесе электронды үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта қажетті құжаттарыңызды рәсімдеуге болады.

Осы бағытта Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, мемлекеттік қызметті электрондық форматта баламасыз алу тәжірибесін енгізу бойынша ТО ПД-нің жетекші қызмет салаларының қызметкерлеріне оқыту жұмыстары жүргізілді. Құқықтық оқытуға Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Гүлжан Мұсабекова мен «Азаматтарға арналған үкімет» Ұлттық корпорациясының менеджері Талған  Сағынбаев арнайы келді. Оқыту барысында елімізде қолға алынған Е-gov «электрондық үкімет» порталы арқылы  көрсетілетін көптеген мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ немесе ғаламтор желісі қосылған компьютермен жұмыста отырып-ақ алуға мүмкіндік бары түсіндірілді.

Сабақ барысында  практикалық әдіспен қызметтерді онлайн алу көрсетілді. Оған қоса, электронды түрде жұмыс жүргізілсе, азаматтардың тікелей байланысы азайып, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейтіндігі айтылды.

Бүгінде 723 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бар. Ал, Түркістан облысында 500-ден астам мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

Сондықтан, әрқайсымыз компьютерлік сауаттылығымызды арттырып, өзімізге қажетті ақпараттар мен құжаттарды Е-gov «электрондық үкімет» порталы арқылы алуға дағдыланумыз қажет. Бұл – қолайлы қызмет әрі уақытты үнемдейді. Мемлекеттік органдарға, халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және т.б алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндігіміз зор.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру