Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция күмәнді қаржылық ұсыныстардан сақ болуға шақырады

Ақтөбеде несие жабуға көмектесемін деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяқтық фактісі бойынша полицияға жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, жыл басында танысы оған ақшалай сыйақы үшін несиелік міндеттемелерін толықтай жауып беруге көмектесетінін уәде еткен.

Уәдеге сенген әйел күдіктінің есепшотына 150 мың теңге аударған. Алайда арада бірнеше ай өтсе де, ол өз міндеттемесін орындамаған және алған ақшаны қайтармаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Аталған дерек бойынша алаяқтық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысы полиция департаменті азаматтарды қаржылық мәселелерді шешу кезінде барынша сақ болуға шақырады.

"Несиені жауып беремін", "қарызды есептен шығарып беремін" секілді ақылы қызметтерді ұсынатын күмәнді ұсыныстардың көп жағдайда алаяқтық әрекеттермен байланысты болатынын естен шығармаған жөн.

Полиция қызметкерлері қандай да бір қаржылық шешім қабылдамас бұрын ресми қаржы ұйымдарына немесе мемлекеттік органдарға жүгініп, ақпараттың дұрыстығына көз жеткізуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру