Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері тонау жасады деген күдікпен адамдарды ұстады

Елордалық полиция қызметкерлері тонау жасады деген күдікпен адамдарды ұстау бойынша операция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Сарыарқа ауданы ПБ-ға көптеген дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілген 53 жастағы ер адамнан арыз келіп түскен.

Істің мән-жайын тексеру барысында жәбірленушінің танысының үйінде уақытша тұрып жатқаны және үйдің иесіне жерлесі қонаққа келгені анықталды. Спирттік ішімдіктерді пайдалану барысында олардың арасында жанжал туындаған. Әрі қарай пәтердің иесі мен қонақ жәбірленушіні көшеде ұрып-соққан, содан соң сағатын, ұялы телефонын, банк картасын, ақшалай қаражатын тартып алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтады. Біреуі – 24 жастағы жігіт. Елордалық наубайханалардың бірінде жүкші болып жұмыс істейді. Екіншісі 39 жастағы ер адам, жалдамалы пәтердің иесі. Ұсталғандар қылмыс жасағандарын мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ҰҰИ-ға қамауға алынды. Тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру