Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пост-бекеттерде қызмет ететін полицейлердің ата-аналары балаларына қолдау көрсетті

Алматы облысының пост-бекеттерінде қызмет ететін полицейлердің ата-аналары балаларына қолдау көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы маңында орналасқан полиция тосқауыл-бекеттері штаттық негізде жұмыс істеп жатыр. Күн сайын тосқауыл-бекеттерге 300-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылады.

– Карантиндік шаралардың босаңсуына қарамастан, Алматы қаласының сыртқы периметрі әлі де мұқият бақыланады. Жұмыс ерекшелігі мен алдыға қойылған міндеттер ескеріле отырып, тосқауыл бекеттерге полицияның үздік және жауапты қызметкерлері түседі. Олар тек функционалдық міндеттерді орындап қана қоймай, сондай-ақ жоғары азаматтық позицияға ие болулары қажет, – дейді Қарасай аудандық Полиция басқармасының басшысы Асхат Данияр.


Оның жарқын мысалы, ювеналды полиция тобының инспекторы – Альфия Шейх. Альфияның анасы қызына үлкен үміт артады, бұл ана жүрегі қызының полиция қызметкері болу арманының орындалғанын атап өтті. Бекеттегі төтенше жағдай режимі басталғаннан сәттен бастап кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Альфия Шейх тосқауыл-бекетте қызмет етеді.


Полиция лейтенанты – патрульдік полиция ротасының инспекторы Есбол Ниязбаевтың анасы елімізге амандық пен барлық тұрғындарға денсаулық және шыдамдылық тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру