Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметкері есепте тұрған тұрғынның құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетті

Солтүстік Қазақстан облысының пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың құжаттарын қалпына келтіруге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы “Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы” № 1131 қаулысына сәйкес, Пробация қызметі адамның денсаулық жағдайын, оның білім деңгейін және еңбекпен қамтылуын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, жеке басын зерделейді, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды.

Осылайша, СҚО бойынша ҚАЖД Есіл аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері адамның жеке басын және өмірлік жағдайын зерттеу нәтижелері бойынша есепке қойылғаннан кейін жеке басын куәландыратын құжаттарды алу және қалпына келтіру, сондай-ақ оның тұрғылықты жері бойынша одан әрі жұмысқа орналастыру, жеке басын куәландыратын құжатты алғаннан кейін З. сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламаларын жасады.

Бұл бағытта жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру