Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Шартты” РПІШ өткізу нәтижелері

Петропавл қаласының аумағында 2020 жылғы15 маусым мен 25 маусым аралығындаШарттыреспубликалық алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. ПҚБ қоғамнан оқшаулаусыз барлығы 432 сотталған есепте тұр. РПІШ өткізу кезеңінде Петропавл қ.ПҚБ қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, есепке алынған контингенттің тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша 522 тексеру жүргізді. Тұрғылықты жерімен жұмыс орындарын тексеру кезінде бұрын сотталған, қайта қылмыс жасауға бейім, сондай-ақ спирттік ішімдіктерге салынған адамдарға ерекше назар аударылды.

Іс – шара барысында тексеру нәтижелері бойынша қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандардың жазаны өтеу шарттары мен тәртібін 10 бұзушылық анықталды. Петропавл қалалық сотына жазасын өтеуден қасақана жалтарған адамдарға қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы 10 материал жолданды. Жазаны кейінге қалдырудың күшін жоюға бір материал, екі материал пробациялық бақылауды ұзарту бойынша жолданды.

Алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде Петропавл қ. ПБ қызметкерлері Петропавл қ. ПҚБ қызметкерлерімен бірлесіп іздеуде жүрген “Л” сотталған адамды қолға түсірді және Петропавл қ. УҰИ-ға қамауға алынды.

Республикалық алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде сотталғандардың туыстарымен, сондай-ақ бірге тұратын адамдармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Осындай іс-шараларды тұрақты өткізу пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға бақылау жүйесінің жай-күйіне, олардың құқық бұзушылық жасауын анықтауға және жолын кесуге оң әсерін тигізетінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру