Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробациялық бақылаудан жалтарған павлодарлық әйел ұсталды

Пробациялық бақылаудан жалтарған павлодарлық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айында Криминалдық полиция басқармасына бұрын сотталған 35 жастағы Павлодар тұрғынына пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін іздестіру ісі келіп түсті.

Осы жылдың қаңтарында ол Ақсу қаласында ұрлық жасаған. Шілдеден бастап пробация қызметінде белгіленуін тоқтатқан. Әйел Павлодар қаласының Кривенко көшесіндегі аулада жедел қызметкерлермен ұсталды. Оның төрт баласы бар, бірақ дұрыс емес өмір салтын ұстанады. Алкогольді ішімдіктерді көп пайдаланғаны үшін ол ата-ана құқығынан айырылды. Қазіргі уақытта “қашқын әйел” қамауда отыр.

Полиция департаментінің нақтылағандай, қылмыс жасаған және соттан жалтарған адамдарды іздестіру үздіксіз жүргізілуде. Жыл басынан бері жедел қызметкерлердің күшімен 70 қылмыстық қылмыскер іздестірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру