Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаңтар оқиғасы кезінде қамалған әйел Ақтөбедегі тергеу изоляторының басшылығына алғыс айтты

Қаңтар оқиғасы кезінде қамалған әйел Ақтөбедегі тергеу изоляторының басшылығына алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікпен ұсталып, екі айдан астам қамауда болған азаматша Е. Ж Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 тергеу изоляторының басшылығына жақсы қарым-қатынас үшін алғысын айтты.

Жалпы, мекеме әкімшілігінің айтуынша, жақсы қарым- қатынас үшін мекемеде ұсталғандар мен олардың туыстарынан алғыс хаттар күнде түседі. Өйткені мекеме қызметкерлері жазалардың орындалуын қамтамасыз етумен қатар, сотталғандардың бостандыққа шыққаннан кейінгі қоғамға тез бейімделіп кетулері үшін «Қақпа алдында кездесу» жобасын ұйымдастырып, бағыт- бағдар беріп отырады. Одан бөлек, мекеме әкімшілігі келушілерді уақытқа бағынбастан, аптаның әр күнінде қабылдайды.

– Мекемедегі ұсталғандарға күніне 40-50 адам сәлемдеме әкелетін болса, олардың барлығы дерлік алғыстарын айтып кетеді. Себебі олардың ішінде көбінесе алыс аудандардан келетіндері бар болғандықтан, қабылдау бөлмесінің жұмыс уақытынан кешігіп жатады. Бірақ осындай жағдайларға түсіністік пен адамгершілік танытып, сәлемдемені қабылдау бөлмесіндегі қызметкерлер жұмыс уақытының аяқталғанына қарамастан, олардың сәлемдемелерін қабылдайтын сәттер аз емес. Есесіне келушілер мекеме қызметкерлеріне алғыстарын айтады. Сонымен қатар, мекемеде ұсталғандардың туыстары қандайда бір жеке сұрақтарымен келетін болса, мекеменің қабылдау күнінен басқа күндері де, яғни аптаның әр күнінде қабылдауға тырысамыз, – дейді КА-168/1 мекемесінің бастығы Аман Құлмұхамбетов.

Айта кету керек, аталған мекемеде жазасын өтеушілердің отбасыларымен туыстық қарым- қатынастарын үзбеуі үшін мекеменің жұмыс жоспарынан тыс ашық есік күндері жиі ұйымдастырылады. Мұндай іс-шара кезінде келушілер мекемеде ұсталғандардың жағдайымен таныстырылады. Аталған іс-шаралар өз кезегінде жазасын өтеушілердің түзелу жолына түсіп, олардың бостандыққа тезірек оралуларына көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру