Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда теледидар ұрламақ болғандар қолға түсті

Таразда теледидар ұрламақ болғандар қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан көршісінің пәтерінің артында күдікті тұлғалардың жүргендігі жайлы хабарлама келіп түсті.

Тараз қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел түрде көрсетілген мекенжайға барған кезінде, екі ер азаматтың пәтерлердің бірінен құны 400 мың теңге болатын LG теледидарын шығарып, алып кетіп бара жатқандығы анықталды.

35 жастағы Жамбыл облысының тұрғындары оқиға орнында айғақ затпен бірге ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-тармағы (Ұрлыққа оқталу) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру