Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ер адам ауылдасының үйінен телефон ұрлап кетті

Қарағанды облысында ер адам ауылдасының үйіне заңсыз кіріп, телефон ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінің 21 жастағы тұрғыны хабарласқан. Ол белгісіз біреу жеке үйге кіріп, ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 68 мың теңгені құрады.

Белгілі болғандай, мас күйінде келген күдікті құлыпты бұзып, үйге кіріп кеткен. Жәбірленушінің көзінше үстел үстінде жатқан ұялы телефонды алып, ізін суытқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында жедел-іздестіру тобының қызметкерлері күдікті 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты зат – ұялы телефон алынды.

ҚР ҚК-нің 149-бабы (Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру