Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында рейд кезінде түнде көшеде жүрген 144 жасөспірім ұсталды

Қарағанды облысында рейд кезінде түнде көшеде жүрген 144 жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында “Балаларды қорға” атты ауқымды акция өтіп жатыр. Бүгінгі таңда оның аясында 187 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Осылайша рейд кезінде полицейлер түнде көшеде жүрген 144 жасөспірімді ұстады. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша ата-аналар мен заңды өкілдердің өз міндеттерін орындамауының 23 фактісін анықтады.

Кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін заңсыз сатқандардың 20 фактісі анықталып, жауақа тартылды. Барлығы тұрғылықты жері бойынша 354 кәмелетке толмағандар мен 603 жағдайы төмен отбасы тексерілді. Полиция қызметкерлері 2 600 ескерту қағазын таратты.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары 819 жол мен мектеп жанындағы жаяу жүргіншілер өтуін реттеудің техникалық құралдарын тексерді.
Білім беру органдарымен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарының бейнебақылау камералары, турникеттер, дауысты ескерту құралдары, дабыл жүйесі және оның қауіпсіздік құрылымдарының пультіне шығуы секілді қауіпсіздік жүйелері тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру