Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында теміржол жолдарын бұзғандар анықталды

Қарағанды облысында теміржол жолдарын бұзғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 шілдеде Сәтбаев қаласының полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің ауданында белгісіз біреу рельстерді ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Келтірілген залал көлемі 11 млн 330 мың теңгені құрайды.

Анықталғандай, рельстердің ұрлануы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған теміржол жолдарынан болған. Бірақ олар кәсіпорынның балансында тұрғандықтан, алдағы уақытта іске қосу жоспарланған. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.15 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметінің қызметкерлері күдікті 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, теміржол жолдарын металл қабылдайтын жерге тапсырғанын түсіндірді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру