Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 825 дерегі анықталды

Қарағанды облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 825 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаменті табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері 9 ай ішінде табиғатты қорғау бағытында 208 рейдтік іс-шара жүргізіп, нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 825 дерегін анықтады.

– Оның 23 дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мәселен, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабы бойынша 3 қылмыстық іс қозғалса, ҚК-нің 335-бабына байланысты 11 қылмыстық іс, ҚР ҚК-нің 340-бабы бойынша 6 қылмыстық іс, сондай-ақ 339-бап бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ есептік мерзім ішінде полиция қызметкерлерімен 19 мың метр балық аулау ауы, бес автокөлік, бес аңшы мылтығы, 142 оқ-дәрі тәркіленді. Браконьерлерден заңсыз ауланған бұлан ұшасы, 895 келі балық, 5 киік мүйізі тәркіленіп алынды. Киіктердің көбеюі кезінде браконьерлердің киік атпауын анықтау мақсатында “Охотзоопром” қызметкерлерімен бірлесіп Нұра ауданының аумағында 28 рейдтік іс-шара өткізілді, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Сонымен қатар тәртіп сақшыларымен 802 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 382-бабына сәйкес 337 дерек, 383-бабына сәйкес 425 дерек анықталы. Құқық бұзушыларға 6 миллион теңгеге айыппұл салынып, оның 5,5 млн теңгесі өндіріліп алынды.

Мәселен, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Қарағанды қаласының Күнгей ықшам ауданындағы ағаш екпелерінің жанында және Бұқар-Жырау ауданы Үштөбе кентінде белгісіз біреулердің қоқыс төккені анықталды. Кешенді жедел әрекеттер барысында осы дерекке байланысты 34 жастағы азамат анықталып, оған қатысты ӘҚБтК-нің 344-бабына сәйкес хаттама толтырылды.

Айта кету керек, өткен аптада департамент бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов табиғатты қорғау бөлімінің бастығы Дәулет Досмаковпен заңсыз аң аулаудың алдын алу мақсатында Шет, Ақтоғай, Қарқаралы аудандарына тікұшақпен әуеден рейд жасады. Негізгі мақсат -осы аудандарда болатын заңсыз аң аулаға жол бермеу. Рейд барысында Құрманғали Ысмағұлов жазық далада жүрген көлікті байқап, олардың жанына қонып, не мақсатпен жүргендерін тексерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру