Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзудың 600-ге жуық дерегі тіркелді

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзудың 600-ге жуық дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәулік ішінде ішкі істер органдарына 23 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, полиция қызметкерлерімен 13-і ашылды.

Төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 586 әкімшілік хаттама толтырылып, 51 адам әкімшілік қамауға алынды. 14 құқық бұзушыға хаттама толтырылды. 460 тұлғаға ескерту берілді.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында 36 тиым салынған зат тәркіленді.

Мәселен, Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен блок-бекеттен 53 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында полиция қызметкерлері тегіс ұңғылы қарудың алты оқ-дәрісін тәркіледі. Көлік жүргізушінің азаматтық қару иесі екені анықталды. Оған қатысты азаматтық қарудың оқ-дәрілерін алып жүру тәртібін бұзғаны үшін хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, төтенше жағдай режимі кезінде полиция қызметкерлері 16 тегіс ұңғылы қару және алты пышақ тәріледі. Сонымен қатар, сегіз факт есірткі заттарын сақтаудың жолы кесілді.

Қарағанды облысы Полиция департаменті тұрғындарды төтенше жағдай режимі талаптарын бұзбауға шақырып, полиция жұмысына түсіністікпен қарап, қолдау білдірген азаматтарға алғысын білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру