Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ұры тұрғынның үйінен құны 1 млн теңгеден асатын зергелік бұйымдарды ұрлап кетті

Қарағанды облысында ұры тұрғынның үйінен құны 1 млн теңгеден асатын зергелік бұйымдарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 тамызда Қарағанды облысы Бұхар-Жырау ауданының аулыды мекендердің бірінен 36 жастағы тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша , ол жұмыста болған кезде үйге белгісіз біреу кіріп , зергелік бұйымдар мен ұялы телефонды ұрлаған. Келтірілген шығын мөлшері 1 миллион 80 мың теңгені құрайды.

Анықталғандай, кірген адам жатын бөлмесінің пластикалық терезесін қысу арқылы үйге кірген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

14 тамызда жедел іздестіру іс- шаралары барысында криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұрлықты тұрғылықты жері мен жұмысы жоқ 37 жастағы ер адам жасағандығын анықтады. Ол өз кінәсін мойындады. Барлық айғақ заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру