Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Қарағанды облысында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 тамыз күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөліміне ауруханаға әртүрлі дене жарақаттарымен 22 жастағы азаматтың жеткізілгендігі туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлерімен жәбірленушінің жол-көлік оқиғасынан дене жарақаттарын алғандығы анықталды. Оны жаяу жүргіншілер жолымен өтіп келе жатқанда белгісіз автокөлік қаққан. Жүргізуші жәбірленушіге көмек көрсетудің орнына оқиға болған жерден қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін және жарық шамының бөлшектерін алды. Осы айғақтар жол-көлік оқиғасын жасаған азаматты анықтауға септігін тигізді. Жедел әрекеттер барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен “ізін суытпай” 36 жастағы азамат анықталды. Ол көліктің басқаруына ие бола алмай, жол өткелін өтіп келе жатқан азаматты қаққаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Сондай-ақ, қорыққаннан қашып кеткенін айтты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы және 347-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру