Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД бастығы жол апаты жиі орын алатын аумақтарды тексерді

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин “Қауіпсіз жол” айлығы аясында рейд жүргізді. Ол жол-көлік оқиғалары жиі болатын аумақтарға барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сол жерде жауапты тұлғаларға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Сондай-ақ ПД бастығы жол белгілерінің бар-жоғын және олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін тексерді. Сонымен қатар ол жүргізушілермен жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы түсiндiру жұмыстарын жүргізді.

“Жүргізушілер оларға үлкен жауапкершілік жүктелгенін түсінуі керек. Жол қауіпсіздігіне келгенде ұсақ немесе ірі құқық бұзушылық деген болмайды. Сіздің жолдағы немқұрайлы әрекетiңiздiң салдарынан көптеген адамдар зардап шегуі мүмкін. Сондықтан жол қозғалысы кезінде бір-бірлерiңiзге құрметпен қарағандарыңыз дұрыс”, – деді Арманбек Баймурзин.

“Қауіпсіз жол” айлығы басталғалы полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 24 185 дерегін анықтады. Көлік құралын мас күйінде басқарған 88 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 154 хаттама толтырылды. Қарсы жолаққа шыққаны үшін 22 азамат жүргізуші куәлігінен айырылды. Айып тұрағына 611 автокөлік қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру