Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полицейлері қансыраған әйелді құтқарды

Қарағанды облысының полицейлері қансыраған әйелді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«еКараганда» ақпараттық порталында Қарағанды облысының Приозерск қаласының тұрғыны, Россия азаматшасы туралы ақпарат жарияланды. Азаматша полиция алаңдаушылық танытып, іштен қан кеткенде оны қалай құтқарғанын айтып берді. Бұл жағдай, әйелдің өмірі қыл үстінде тұрған кезде болды.

https://www.instagram.com/p/COMrW-Pg_7P/?igshid=wy4g9tk0p2lv

– Менің атым – Софья. Приозерск қаласында күйеуім екеуіміз тұрамыз. 25 сәуірде аяқ астынан кешке қан кетіп, ауырдым. Күйеуім жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер 40-50 минуттан соң келді. Олар маған қан тоқтататын укол салды және Приозерск қаласының медициналық мекемесінің біріне апарды. Онда мені қарап, қажетті мамандар мен құралдар жоқтығынан Балқаш қаласына жіберді. Оған қоса, белгісіз бір себептермен мамандандырылған медициналық көлік бұл қалаға бармады. Күйеуім мені біздің жеңіл машинамызбен апарды, ол машина автотрассада сынып қалды. Күйеуім қанша тырысса да, от алдыра алмады. Ол жолға шығып, дауыстай бастады. Бірақ бірде бір көлік тоқтамады. Бірде-бір. Уақыт өтіп, қан кетіп жатты. Көзім қарауытып, әлсіреп жатқанымды сездім. Күйеуім Балқаш қаласының жедел жәрдемін шақырды. Бізге осы қазір фельдшерларды жіберетіндігін айтты. Уақыт өтіп жатты. Шамамен екі сағаттан соң, мен есімнен танып қалдым. Не болғанын кейін маған күйеуім айтып берді. Ол қандай да бір машинаның жарығын көріп, оны тоқтату үшін жол ортасына шықты. Бұл полицейлер көлігі болып шықты. Күйеуім жүргізушіге жақындап, қандай қиын жағдайға түскенімізді баяндап берді. Полицейлер бізді өздерінің қызметтік көлігіне отырғызып, Балқаш жаққа жүріп кеттік. Кейін бұлар Қарағанды облысының ПД жол-патрульдік полиция батальонының инспекторлары Арман Кунарбеков пен Адилхан Темир екені белгілі болды. Балқашқа 30 шақырым қалғанда жолда, полицейлер бізге қарсы келе жатқан жедел жәрдем машинасын көрді. Олар оны тоқтатты және жағдайым өте төмен болған мені Балқашқа тездетіп жеткізді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінің арқасында менде бәрі жақсы. Әлем жақсы адамдарға толы. Осылай екі инспектор менің өмірімді құтқарды. Оларға үлкен рахмет! – деді әйел адам басынан өткен оқиғасымен бөлісіп.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру