Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полиция департаментінде еріктілер мен белсенділер марапатталды

Қарағанды облысының полиция департаментінде еріктілер мен белсенділер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық еріктілер күнінде Қарағанды облысы ПД-да үздік еріктілер мен белсенділер марапатталды. Іс-шара облыстық ПД Бірыңғай отбасына көмек көрсету орталығында өтті. Оған полиция департаментінің басшылығының өкілдері, еріктілердің, қайырымдылық ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ жас инспекторлары қозғалысының Қарағанды қаласындағы №95 мектеп-гимназиясының “Сирена” жасағы қатысты.

Күні кеше мектеп оқушылары республикалық слеттен оралды. Қонақтарды облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция аға инспекторы Гүлбану Сәтбаева-Алпысбаева қарсы алды. Ол оларды орталықтың қызметімен таныстырып, оның қызметкерлері бес айға жетпейтін уақыт ішінде барлығы 640-тан астам адамды қабылдағанын айтты. Оларға құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді. Бұл ретте еріктілер орталық жұмысына белсене қатысты.

– Олар өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету арқылы қомақты үлес қосуда, – деп атап өтті Г.Сатпаева-Алпысбаева.

Шараға қатысушыларды облыстың полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Жеңісхан Тукушев қарсы алды.

– Бүгінде Қазақстанда полицияның қызмет көрсету моделі белсенді түрде енгізілуде, оның негізгі қағидаттарының бірі – ерікті құқық қорғау қозғалыстарымен ынтымақтастық. Олар полицияға белсенді қолдау көрсетеді, бұл іс жүзінде енгізудің үлгісі болып саналады. Еріктілер ізгілік, шынайылық, қарапайым халықтың мүддесіне адалдықтың символына айналды, – деді Жеңісхан Тукушев.

– Мен осы жылдан бастап еріктілер құрамындамын. Мен достарыммен бірге есірткі қылмысына қарсымыз, сондықтан біз қабырғалардағы граффити суреттерді өшіреміз, көшелерге жадынамалар таратамыз, – деді “Равное равным” қозғалысының еріктісі Асылжан Женісбеков.

Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, белсенді азаматтық ұстанымы үшін 45 ерікті мен белсенді, оның ішінде жас инспекторлары қозғалысының “Сирена” жасағы Қарағанды облысының ПД бастығының грамоталарымен марапатталды. Қорытындылай келе, жас жол инспекторлары қозғалысының “Сирена” жасағы музыкалық өнерлерін көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру