Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының учаскелік полицейі ақтүтек боранда жоғалып кеткен бір отар қойды іздеп тапты

Қарағанды облысының учаскелік полиция инспекторы ақтүтек боранда жоғалып кеткен бір отар қойды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтар күні Қарағанды облысы Нұра ауданы Соналы ауылында өткен халықпен кездесу барысында ауыл тұрғынының бірі учаскелік полиция инспектор Рүстем Исабековке алғысын білдірді.

Полиция қызметкері ауыл тұрғынына жоғалып кеткен 200 қойын тауып берген. Кәсіпкердің бір отар қойы, ауа райының күрт өзгеріп, кенеттен соққан ақтүтек боран кезінде жоғалып кеткені белгілі болды. Алдымен иесі малды өзі іздеп, іздеу жұмыстарынан нәтиже болмағандықтан учаскелік полиция инспекторына айтқан. Тәртіп сақшысы оқиғаның мән-жайынан хабар алысымен, ауыл тұрғындарынан бірнеше топ құрып, үш айрошанасымен іздеуге кіріскен. Сол күні кешкі уақытта тәртіп сақшысы жоғалған малдарды ауылдан 25 шақырым жерден іздеп тапты.

Сауатты жүргізілген іздеудің нәтижесінде жоғалған мал иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру