Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Қарағанды полицейлері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 шілде күні құрамында взвод командирі, полиция капитаны Жұмақас Нұржан, полиция аға лейтенанттары Нариман Таңатбаев пен Мақсат Серікбеков бар Қарағанды облысы ПД Патрульдік полиция батальонының экипажы облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда әдеттегідей патрульдеу жұмыстарын жүргізді.

Шығыс айналма жолындағы Заречный кенті аумағында полиция қызметкерлері жол жиегінде тұрған бір адамды көрді. Жақындаған кезде олар көпірдің қоршауының артында тұрған қызды көріп, көмекке ұмтылды. Қолына ұстаған сыра бөтелкесі бар 27 жастағы қыз полиция қызметкерлерінің кетуін талап етіп, айғайға басып көпірден секіруге әрекет жасаған. Полиция қызметкерлерінің бірі қызды сөзге тартып, алдаусыратып жатқанда, екіншісі айналып өтіп, қызды құтқаруға жақындай түседі.

– Қыз алкогольдік мас күйінде болғандықтан, сөзге тартып, әңгімелесу қиынға соқты. Біз оны сөйлесуге мәжбүрлеп, оны қоршаудан алшақтатуға тырыстық. Өлімге бас тіккен қызды соңғы секіру сәтінде қолынан ұстап, жолдың бойына шығарып алдық, – деді полиция капитаны Жұмақас Нұржан.

Полицейлердің шебер әрекеттерінің арқасында қыз құтқарылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Полиция қызметкерлері өздерінің кәсібилігінің арқасында суицидтің алдын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру