Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда 15 жастағы жасөспірімнің телефонын ашық түрде қолды қылды

Қарағандыда патрульдік полицейлер тонау жасағандарды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 наурыз күні сағат 14.25 шамасында 102 телефонына қалада орналасқан гараждардың бірінің аумағында белгісіз біреу 15 жастағы қыз баладан “Redmi 9S” ұялы телефонын ашық түрде тартып әкеткені туралы хабарлама түсті.

Оқиға туралы хабарлама алған патрульдік полиция полкінің қызмектерлері қылмыс болған аумаққа тінту жұмыстарын жүргізді. Арада 10 минут уақыт өткенде тәртіп сақшылары бағыттамада берілген ақпарға сәйкес азаматты жолықтырған. Алайда азамат, полиция қызметкерлеріне танысының үйінен жаңа шыққанын айтып ақталған.

Оқиғадан соң жәбірленуші азаматша Жаңа-Майқұдық полициясында болған. Полиция қызметкерлері күдік тудырған азаматты полиция бөліміне жеткізгенде жәбірленуші оны бірден танып, өзінің ұялы телефонына қоңырау соққанда, ұрланған телефон ұсталған азаматтың қалтасынан шыққан.

Күдікті 26 жастағы азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру