Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаза өтеу тәртібін бұзған ақтөбелік қамалды

Жаза өтеу тәртібін бұзған ақтөбелік, есепте тұрған сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Байғанин аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған Р.-дың жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Өткенге сәл шегініс жасасақ, бөтеннің мүлкін ұрлау бабы бойынша үш жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған Р. 2018 жылы Байғанин аудандық Пробация қызметіне есепке алынған болатын.

Есепке алынған күннен бастап, Пробация қызметкерлері сотталған азаматқа жаза өтеу тәртібін толық түсіндіріп, тәлім-тәрбиелік әңгімелерді тұрақты түрде жүргізеді. Алайда, сотталған азамат Сот белгілеп берген міндеттерді толық орындамай, жаза өтеу барысында жаза өтеу тәртібін бірнеше мәрте бұзады.

– Байғанин аудандық сотының қаулысымен Сотпен жасалған рақымшылықты сезінбеген сотталған Р. қалған бір жылға жуық жаза өтеу мерзімін түзеу мекемесінде өтейтін болады, – дейді Байғанин аудандық пробация қызметінің инспекторы Арслан Төлеуішов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру