Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда 16 жастағы жасөспірімді ұрып-соққан екі ер адам анықталды

Қарағандыда 16 жастағы жасөспірімді ұрып-соққан екі ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 шілдеде сағат 21:00 шамасында Қарағанды ​​қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне хабарлама келіп түсті. Аялдамалардың бірінде бірнеше адамдар арасында төбелес болғаны анықталды. Оқиға орнына жеткен Қарағанды ​қаласының ПБ Патрульдік полиция полкінің жасағы екі мас адамды ұстады.

Анықталғандай, ішімдік ішкен екі мас адам автобус аялдамасында тұрған адамдарға тіл тигізіп, балағаттаған. 16 жастағы жасөспірім оларға ескерту жасаған. Бұған жауап ретінде бұзақылар баланы ұрып-соққан. Нәтижесінде жасөспірім түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатпастан медициналық мекемеге жүгінген. Бұзақылар полиция келгенге дейін қашып үлгерген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
18 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді 23 және 36 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру