Қарағандыда ақмолалық тұрғын танысының үйінен екі телефон ұрлап кетті
Қарағандыда ақмолалық тұрғын танысының үйінен екі телефон ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, ол бір күн бұрын бір азаматпен танысып, үйіне қонаққа шақырған.
Ертеңінде танысы кеткенде жәбірленушінің құны 600 мың теңге тұратын екі телефоны жоғалып кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.