Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда энергетикалық сусын сататын “фирма қызметкері” қамауға алынды

Қарағандыда өзін энергетикалық сусын сататын фирма қызметкерімін деп таныстырып, бес сауда орнының өкілдерін алдаған азамат УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне бес сауда орнының өкілдерінен арыз түсті. Олардың барлығы да белгісіз бір алаяқтың құрбаны болған. Алаяқ жүйелі жұмыс жасаған. Ол сауда орындарына барып, өзін энергетикалық сусын шығаратын фирманың өкілімін деп таныстырған. Содан сауда нүктелеріне жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сусындар әкелінді, оны алып кетіп, орнына пайдалану уақыты өтпеген сусын әкелемін деп алдап, алаяқтық қылмысын жасаған.

Полицияға осындай әрекеттен алданғандар бойынша бес арыз түсті. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Қылмыстық істі тергеу барысында полиция қызмектерлері күдіктінің көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінен құны 100 мың теңге тұратын балалар арбасы ұрлығына қатысы барын анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру