Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ер адам көршісінің банк картасынан ақша жымқырып кетті

Қарағандыда ер адам көршісінің банк картасынан ақша жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйекте 40 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреу банк картасынан 63 мың теңге аударып алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” күдікті – 30 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Анықталғандай, күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты. Ол көрші әйелден қоңырау шалу үшін бірнеше рет ұялы телефон сұраған. Сонымен, оның мәліметтерін біліп, ол картадан ақшаны аударып алған.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру