Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртау тұрғыны сатып алған пәтерден кесілген мылтық пен патрон тауып алды

Теміртау тұрғыны сатып алған пәтерден кесілген мылтық пен патрон тауып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қыркүйекте Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғынынан мылтық пен патрондар тауып алғаны туралы хабарлама келді. Үй иесі сатып алған пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ескі шифонерден мылтықты тауып алған.

Анықталғандай, қару мен патрондар сөмкеге оралып салынған. Үй иесі пәтерді Нұр-Сұлтан қаласының 52 жастағы тұрғынынан сатып алған. Пәтерді сатқан әйелдің түсіндіруінше, табылған мылтық қайтыс болған қайын атасына тиесілі болған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және ҚР ҚК 288-бабы (Қаруды заңсыз дайындау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру