Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда балабақшадан ер адам теледидар ұрлап кетті

Қарағандыда балабақшадан ер адам теледидар ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қыркүйекте Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне балабақшалардың бірінде мүлікті ұрлау болғаны туралы хабарлама түсті. Полицейлер ұрының балалар мекемесіне терезенің пластикалық жақтауын сығып кіріп, теледидарды ұрлап кеткенін анықтады.

Келтірілген шығын көлемі 230 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

29 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, ұрланған теледидар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру